"СЕМЕЙ ЦЕМЕНТ ЗАУЫТЫ ӨНДІРІСТІК КОМПАНИЯСЫ"ЖШС АУДАНЫНДАҒЫ ТЕХНОГЕНДІК ЛАНДШАФТТАРДЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ-ГЕОХИМИЯЛЫҚ БАҒАЛАУ

Авторлар

  • Любовь Скрипникова Шәкәрім университеті Автор
  • Асель Мурзалимова Шәкәрім университет Автор
  • Тимур Кураков ТОО «Көркем Телеком» Автор
  • Жанар Кабышева Шәкәрім университет Автор

Кілт сөздер:

Қоршаған орта, топырақ, химиялық элементтер, шаң, спектрометрия

Аңдатпа

Мақалада «Семей цемент зауыты өндірістік компаниясы» ЖШС кәсіпорнының №1 «Цемент өндірісі» алаңының маңында қалыптасқан ұзақ мерзімді және жергілікті геохимиялық аномалияға кешенді зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмысының басты мақсаты – топырақтың жоғарғы горизонтының құрамындағы ауыр металдардың мөлшерін анықтап, олардың таралу заңдылықтарын бағалау. Талдау үшін масс-спектрометрия және атом-эмиссиялық спектрометрия әдістері қолданылды. Алынған деректер әдеби және аймақтық фондық көрсеткіштермен салыстырылып, цемент өндірісінің қоршаған ортаға тигізетін антропогендік жүктемесі мен экологиялық қауіп деңгейі бағаланды. Зерттеу нәтижелері экожүйедегі техногендік өзгерістерді анықтауға және болашақ экологиялық мониторингті жетілдіруге негіз болады.

Автор өмірбаяндары

  • Любовь Скрипникова, Шәкәрім университеті

    Химия және экология кафедрасының доценті

  • Асель Мурзалимова, Шәкәрім университет

    И.о.ассоциированного профессора кафедры химии и экологии

  • Тимур Кураков, ТОО «Көркем Телеком»

    Руководитель службы безопасности и охраны труда

  • Жанар Кабышева, Шәкәрім университет

    Химия және экология кафедрасының қауымдастырылған профессор міңдетті атқарушы

Жүктеулер

Жарияланды

2025-12-18

Журналдың саны

Бөлім

Экология