МҰНАЙ КЕН ОРЫНДАРЫНДА ОДАН ӘРІ ПАЙДАЛАНУ ҮШІН ТҰЗ ЕРІТІНДІЛЕРІНДЕГІ АКРИЛАМИД ПЕН НАТРИЙ АКРИЛАТЫ НЕГІЗІНДЕГІ ГИДРОГЕЛЬДЕРДІҢ ІСІНУ ДӘРЕЖЕСІН СИНТЕЗДЕУ ЖӘНЕ ЗЕРТТЕУ

Авторлар

  • Gulnur Yelemessova НАО "Университет имени Шакарима" Автор
  • Алексей Кливенко Университет имени Шакарима Автор
  • Ляззат Оразжанова Университет имени Шакарима Автор
  • Алексей Шахворостов Институт полимерных материалов и технологии Автор

Кілт сөздер:

гидрогель, PPG, ісіну қасиеті, бентонит, мұнай өндірісі

Аңдатпа

Гидрогельдер массасы 100 есеге дейін артып, айтарлықтай ісіне алады. Бұл бірегей қасиет гидрогельдерді ауыл шаруашылығы, медицина, өнеркәсіп, фармацевтика және басқа да салаларда кеңінен қолдануға мүмкіндік береді. Гидрогельдерді пайдаланудың ең перспективті бағыттардың бірі – мұнай өнеркәсібі.

Қазіргі уақытта мұнай өндіруде ең өзекті мәселелердің бірі – мұнaй өндipy aймaқтapынa зaқым кeлтipмecтeн өткiзгiштiгi жoғapы apнaлapдa cy aғынын aзaйтy бoлып тaбылaды Бұл мақалада акриламид пен натрий акрилатынан бос радикалды полимерлеу әдісі арқылы гидрогельдердің синтезі сипатталған. Олардың механикалық қасиеттерін жақсарту мақсатында құрамына бентонит қосылды.

Зерттеу барысында мономерлер концентрациясына байланысты гидрогельдердің ісіну дәрежесі анықталды, сондай-ақ натрий хлориді ерітінділерінде ісіну қабілеті зерттелді. Алынған нәтижелер гидрогель бөлшектерінің мұнай ұңғымаларындағы судың артық жиналуымен күресуге тиімді құрал бола алатынын көрсетті.

Жарияланды

2025-12-18

Журналдың саны

Бөлім

Химия